АҚШ-та атыс болып, 4 адам ажал құшты

АҚШ-тың Чикаго қаласында атыс болып, 4 адам ажал құшты. Құрбандардың екеуі әйел, қалғаны – ер кісілер. Тағы 4 кісі жарақат алған. Полиция қанды оқиғаға байланысты ешкімнің қамауға алынбағанын айтады. Құзырлы органдар оққа ұшқандардың аты-жөнін жарияламай отыр. Үйде 2 жастағы бала болған. Абырой болғанда, ол зардап шекпеген. Қазір сәби уақытша арнайы мекеменің қамқорлығына берілді. Билік осы жазда атыс көбейеді деп қауіптенеді. Себебі ковид шектеулері жеңілдетіліп, аралас-құраластық артқалы тұр.

Лори Лайтфуд, Чикаго мэрі:

– Бұл қасіретті оқиға шаңырақтарды шайқалтып, бірнеше адамның басына қайғы әкелді. Бұл біз Чикаго бойынша қару-жарақ болатын зорлық-зомбылықты тоқтатумыз үшін әлі қыруар іс атқарумыз керек дегенді білдірсе керек. Заңсыз қаруға қарсы күресті күшейту керек.

Сондай-ақ...