425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жерорта теңізінде 2 мыңнан аса мигрант құтқарылды

  • 126
  • UPD: 10:29, 16.06.2021
Жерорта теңізінде 2 мыңнан аса мигрант құтқарылды

Өткен аптада Жерорта теңізінде екі мыңнан аса мигрант құтқарылып, оларды Ливияға қайтарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Миграция жөнінде халықаралық ұйым осындай мәліметті жариялады. Құқық қорғаушылардың есебінше, жыл басталғалы Ливия жағалауында 12 мыңнан аса босқын ұсталды, 190-ы қаза тауып, бес жүздей адам із-түссіз жоғалып кеткен. Соңғы он жылда бұл ел Еуропаға мигранттарды заңсыз жеткізетін басты жолдардың біріне айналды. Еуроодақпен жасалған келісім бойынша, еуропалық әскери кемелер Ливия жағалауын бақылап, қолына түскен келімсектерді бұл елге қайтарады. Алайда олардың көбісі қайта қауіпті сапарға аттанып жүр.

Хабар 24 телеарнасы