Оңтүстікафрикалықтар жерден алмаз қазып жатыр

Асыл тастарды таппақ болған мыңдаған адам шағын ауылды мекенге келіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен аптада жергілікті бір шаруа мөлдір бір тас тапқан болатын. Енді сол жерде бос орын қалған жоқ. Арасында әйелдер мен балалар бар көптеген адам жерді қазып жатыр. Олар алмаз табуға үмітті. Алайда кейбіреулер бұл асыл тас емес, кәдімгі кварцтың кристаллдары деп санайды. Дегенмен бұған сенбеген жұрт жұмысын тоқтатқан жоқ. Мұнда алмас бар ма, жоқ па, мемлекеттік концерннің сарапшылары анықтауы тиіс. Олар әлі өз қорытындысын жасаған жоқ. Дегенмен мөлдір тастардың саудасы қызу жүріп жатыр.