Brent бағасы соңғы екі жылда алғаш рет $74-тен асты

Брент мұнай 2019 жылдың сәуірінен бері алғаш рет 74-тен астам долларға бағаланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған сауда-саттықтың соңғы мәліметі дәлел. Ал WTI маркалы қара алтын баррелінің құны 72 долларға қымбаттады, яғни 2 процентке өсті. Аналитиктер әлемдік мұнай бағасының артуын жүріс-тұрысқа рұқсат берілуімен түсіндіреді. Осының алдында Халықаралық Энергетика агенттігі мұнайға сұраныс деңгейі 2022 жылдың аяғына қарай дағдарысқа дейінгі межеге жетеді деп болжаған болатын.