Токио 2020: санитарлық талаптарды бұзғандар елден қуылады

Токиодағы Олимпиадада санитарлық талаптарды бұзғандарды елден шығарып жібереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ережені елемеген спортшылар да дүбірлі додадан шеттетіліп, депортациялануы мүмкін. Халықаралық олимпиада комитеті мен Халықаралық паралимпиада комитеті осындай тәртіптік жаза қолдануды көздеп отыр. ПТР тест тапсырудан бас тартқандар, алдын ала ұсынылған қызмет жоспарына кірмейтін жерлерге барғандар, қасақана маска тақпағандар, әлеуметтік қашықтықты сақтамағандар осылай жазаланбақ.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр өтуі тиіс Олимпиада биыл шілденің 23-і басталып, тамыздың 8-іне дейін жалғасады.