Франция-Германия матчында парашютші жанкүйерлердің үстіне құлай жаздады

Мюнхенде Франция-Германия матчының алдында стадионға Гринпис парашютшісі қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тосын оқиға ойынның басталуына санаулы минут қалғанда болған. Ол қонып келе жатып бейнекамераның сымына ілініп қалып, адамдардың үстіне құлай жаздаған. Оған көмекке бірнеше футболшы жүгіріп барған. Парашютте «Мұнайдан бас тартыңдар – Гринпис» деген жазу болған. Кейін ер адамды күзетшілер алаңнан алып кетті.