424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда жеуге болатын маскалар пайда болды

  • 195
  • UPD: 10:20, 16.06.2021
Жапонияда жеуге болатын маскалар пайда болды unian.net

Қорғаныс маскалары коронавирус пандемиясы кезінде маңызды аксессуарға айналды, дегенмен олар ең алдымен қауіпті ауруды жұқтыру қаупін азайтуға арналған, деп хабарлайды «Хабар 24» unian.net баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемде гауһар, алтын және басқа да тастармен көмкерілген маскалар пайда болды, бірақ бұл жолы Жапония жеуге жарамды маска ойлап тапты.

Әзірлеушілер олардың өнертабысы вирустардан да қорғай алады деп отыр. Тәжірибелік маска жапондық тәтті тоқаштан жасалған. Хош иісті кондитерлік өнімдер тәбетті тудырады, ал эксперимент авторлары масканың жоғарғы қабатын жеуге болмайтынын, әйтпесе оның тиімділігі жоғалатынын ескертті.

Хабар 24 телеарнасы