425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезияда вакцина алғандарға құс беріледі

  • 154
  • UPD: 15:32, 16.06.2021
Индонезияда вакцина алғандарға құс беріледі

«Вакцина салдыр да, тауық алдыр».

Индонезияның Чипанас қаласында коронавирсқа қарсы егілген қарттарға тегін әрі тірі құс таратылып жатыр. Бұл науқанды жергілікті билік қолға алған. Мақсат – вакциналау қарқынын арттыру. Осылайша полиция мен медицина қызметкерлері үй-үйді аралап жүр.

Айта кетейік, Индонезияда препараттың екі дозасын салдырғандардың үлесі халықтың әлі 5 процентіне де жетпейді.

Галих Априан полиция басшысы:

Егде адамдардың екпе алғысы жоқ. Себеп әртүрлі. Кейбірі салдырамыз дейді де, келмей қояды. Қорқатындар да көп. Сондықтан дәрігерлермен бірге адамдарға барамыз, тауық сыйлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы