Испания электромобиль өндірісін дамытуға ниетті

Испания Еуроодақтың елді қалпына келтіруге бөлгелі отырған қаржысының бір бөлігін электрмобиль өндірісін дамытуға жұмсамақ.

Жалпы Брюссель Испанияға індеттен туындаған дағдарысты еңсеру үшін 70 миллиард еуро қаржы бөлмекші. Мәселе алдағы апталарда Еуропалық кеңесте талқыланады. Мадрид оның бір бөлігін электрмобильдерді шығаруды ұлғайту үшін көлік компанияларын ынталандыруға қолданбақшы. Ал ресми дерекке қарағанда Испанияда электрмобильдердің сатылымы Еуропаның өзге елдеріне қарағанда төмен. Ол тек мемлекетте сатылған бүкіл көліктердің 5 процентін құрайды.

Фран Рамис, E-BUSKAR компаниясының бас директоры:

- Испанияда электрлі технологиялар өзге еуропалық елдерге қарағанда баяу дамып келеді. Бірақ Еуроодақ тарапынан қаржылай көмек бөлінген соң жағдай өзгеріп, барлық қалаларда электрмобильдер көбейеді деп сенеміз.

Сондай-ақ...