424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байден мен Путин шағын құрамдағы келіссөзде нені талқылағаны белгісіз

  • 182
  • UPD: 23:29, 16.06.2021

Женевада АҚШ пен Ресей басшыларының келіссөзі жүріп жатыр. Бір сағат бұрын Президент Байден мен Путиннің шағын құрамдағы келіссөзі аяқталды. Бұл жүздесуге бастапқыда 1 жарым сағат бөлінгенімен ол 2 сағатқа созылды. Оған екі елдің сыртқы саясат басшылары Сергей Лавров пен Энтони Блинкен және аудармашылар қатысты. Жабық есікте өткен басқосуда не талқыланғаны беймәлім.

Владимир Путин, Ресей Президенті:

- АҚШ пен Ресей қарым-қатынасында жоғары деңгейде шешуді талап ететін қордаланған мәселе көп. Біздің кездесуіміз нәтижелі болады деп үміттенемін.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

- Көп-көп рақмет. Мен бұған дейін айтқанымдай, мемлекет басшыларының бетпе-бет жүздесуі ең дұрыс шешім. Біз басқосуда қай салада ынтымақтаса алатынымызды анықтауға күш саламыз. Оны тиімді шешудің жолын қарастырамыз.

АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуі Женева қаласындағңы Ла Гранж вилласында өтіп жатыр. Кездесу алдында Байден мен Путин бір-бірінің қолын алды. Жалпы басқосу үш бөлімнен бір шағын және 2 кеңейтілген құрамдағы келіссөзден тұрады. Екі жақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен келешегі, стратегиялық тұрақтылық, ақпараттық қауіпсіздік және өзге де мәселелерді талқылау қарастырылған. Саммит аяқталған соң қос елдің басшылары бұқаралық ақпарат құралдарына жеке-жеке баспасөз мәслихатын өткізеді. Кейін Ресей президентінің швейцариялық әріптесімен кездесуі жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы