424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Женевада Байден мен Путиннің кездесуі аяқталды

  • 157
  • UPD: 23:29, 16.06.2021
Женевада Байден мен Путиннің кездесуі аяқталды

Женевада АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі аяқталды.

Келіссөз 3,5 сағатқа созылды. Алғашқы жиын шағын құрамда өтсе, жүздесудің екінші бөлігі кеңейтілген форматта жүрді. Бірақ ол бұған дейін хабарланғандай 2 бөліктен емес, бір бөлімнен тұрды. Басқосудан кейін Ресей президенті бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесті. АҚШ басшысы Ла Гранж вилласын тастап шықты. Қос тарап қандай уағдаластықққа қол жеткізгені беймәлім, бірақ келіссөздің сәтті өткені айтылады.

Владимир Путин, Ресей Президенті:

- Құметті ханымдар мен мырзалар. Бүгін талқыланған тақырыптар бәріне таныс деп ойлаймын. Олар тұрақтылық, киберқауіпсіздік, аймақтық қақтығыстар, сауда байланыстары және Арктика мәселесі де көтерілді. Міне бұл бүгін талқыланған тақырыптар тізімі.

Хабар 24 телеарнасы