АҚШ пен Ресей елшілерге қатысты ортақ шешімге келді

АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путиннің Женевада өткен кездесуінің қорытындысы туралы әлі айтыла жатар.

Қазіргі кезде тараптар елшілерге қатысты ортақ шешімге келгені хабарланды. Яғни, еліне оралған елшілер тиісінше Мәскеу мен Вашингтонға қайта оралуы тиіс. Сонымен қатар сауда-сатық мен киберқауіпсіздік мәселесі де пысықталды. Мемлекет басшылары бірге баспасөз көнференциясын өткізуден бас тартты.

Естеріңізге салайық, келіссөз 3,5 сағатқа созылды. Алғашқы жиын шағын құрамда өтсе, жүздесудің екінші бөлігі кеңейтілген форматта жүрді.