Перуде ел тарихындағы есірткінің ең ірі көлемі өртелді

Перуде бір мезетте 30 тонна 155 келі заңсыз есірткі өртелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ел тарихындағы ең ірі партия. Оның 21-ден астам тоннасы, яғни 70%-і  кокаин. Қалғаны марихуана, опиум және экстаз. Перуде кокаиннің 75%-і орталық аймақта өндіріледі. Есірткі өртеу науқанына елдің Ішкі министрі қатысты. Зиянды заттарды тәркілеу операциясы бірнеше өңірде қатар жүрген. Оған полиция, прокуратура, салық комитетінің арнаулы күштері мен Перудегі АҚШ елшілігінің өкілдері қатысты.