БҰҰ: Әлемде 70-тен астам мемлекет құрғақшылық құрығында

Әлемде 70-тен аса мемлекет құрғақшылық пен шөлейтті жерлердің ұлғаюынан ұдайы зардап шегеді екен.

Біріккен Ұлттар Ұйымының зерттеулері осыны көрсетіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, біздің жер шарымыздың төрттен үш бөлігін пайдаланып жатқан адамзат баласының іс-әрекеті мен климаттың өзгеруінен табиғи аймақтардың құлдырауы күшейген. Мысалы, Иракта жыл сайын 250 шаршы шақырым құнарлы жер шөл далаға айналады. Ал Суданда шөлейтті жерлердің көлемі ұлғайып, Ніл өзеніне тақаған. Экологтар құрғақшылықтан шөлейтті елдер ғана емес, су ресустарына бай мемлекттер де зардап шегіп отырғанын айтады. Және бұл экожүйені қалпына келтіру үшін қомақты қаржы бөлу керектігін айтады.