Франция билігі санитарлық шектеулерден бас тартты

Франция билігі санитарлық шектеулерден бас тартты

Францияда санитарлық ахуал оңалып, жергілікті билік санитарлық шектеулерден бас тартудың кезі келді деп шешті.

Себебі өткен жылдың тамыз айынан бері коронавирусты жұқтыру дерегі едәуір бәсеңдеген. Қазір вирус тәулігіне 3 мың адамнан анықталуда. Осыған байланысты билік көшелерде бетперде тағып жүру тәртібін алып тастады. Бірақ адамдар көп шоғырланған орындарда бетперде кию әлі де сақталмақ. Бұдан бөлек, осы аптаның соңында елде 8 ай бойы қолданылып келген коменданттық сағат алынады. Стадион, концерттік зал, кинотеатр және театрларға кірушілер санына шектеу де біршама жеңілдетіледі. Ал, билік елде індеттің таралуыынң төмендеуін халықты дертке қарсы жаппай вакцианалау шарасымен байланыстырып отыр.

Жан Кастекс, Франция премьер-министрі:

- Біз халықты жаппай вакциналаудың арқасында жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Елдегі эпидемиологиялық ахуал жақсарды. Вакциналар коронавируспен бірге жаңа штамдарға қарсы жоғары тиімділігін көрсетті. Елде екпенің бірінші дозасын 30 миллион адам алды. Бұл үлкен жетістік. Індеттің жаңа толқынын болдырмас үшін вакциналау шарасын қарқынды жүргізе беруіміз қажет.