424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

100 жастағы әйел ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті

  • 200
  • UPD: 11:56, 17.06.2021
100 жастағы әйел ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті Lenta.ru

Барбадос тұрғыны 13 маусымда 100 жылдық мерейтойын атап өтіп, ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты, деп хабарлайды «Хабар 24» lenta.ru сілтеме жасап.

Лотти Джермейн Бишоп мерейтойын отбасы мен достарының ортасында өткізді. 1961 жылға дейін Бишоп жергілікті ауруханада медбике болып жұмыс істеген, содан кейін балаларға қамқорлық жасау үшін жұмыстан кеткен.

Зейнеткер табиғи тағамға деген сүйіспеншілік оған ұзақ өмір сүру сыйлағады деп есептейді. «Мен тәтті картоп, ағылшын картобы, тұшпара, макарон және тұздалған балықты жақсы көремін», – деді Бишоп.

Ол сондай-ақ етті аз қолданып, жүгері мен жасыл бананды көбірек жеуге кеңес берді. Әйел ұзақ өмір сүруінің тағы бір себебін белсенді өмір салты және үйде үнемі жұмыс жасаумен байланыстырады. 

«Менің үйіме қараңыз, мұнда бәрі менің қолыммен жасалған. Мен тіпті қабырғаларды өзім боядым», – деді ол.

Хабар 24 телеарнасы