Калифорния штатындағы Ажал аңғарында ауа температурасы 56,7 градусқа дейін көтерілді

АҚШ-тың орталық және оңтүстік-батысында аптап ыстық тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Калифорния штатындағы Ажал аңғарында ауа температурасы 56,7 градусқа дейін көтерілген. Жанып тұрған күн райынан аймақтағы орманды алқап пен ландшафт зардап шегуде. Мамандар орман өрті жиі тіркеле бастағанын айтады. Ұлттық метеорологиялық қызметінің өкілдері 46 млн тұрғынды барынша сақ болуға шақырады. Бұған қарамастан аймақтағы саябақтарға ағылған туристердің легі азайған емес.

Айта кетейік, Ажал аңғарындағы ең ыстық температура 1913 жылы 57 градусқа көтерілген еді. Мамандар «биыл бұл көрсеткіш жаңаруы мүмкін» деп дабыл қағып отыр.

Эбби Уайнс, саябақ өкілі:

- Ауа температурасының былай ысуы тым ерте басталды. Биыл жаз айларына жасалған болжамды білмеймін. Бірақ әдетте жыл сайын шілде айында сынап бағанасы 50 градустан жоғары көтерілмейтін.