Париж Диснейленді қайтадан ашылды

Парижде індетке байланысты былтыр қазан айында жабылған Диснейленд қайта ашылды.

Осыған орай ойын-сауық орыны балалар мен ата-аналарға арнайы қойылым ұйымдастырды.

Жаңа тәртіпке сәйкес, Диснейлендке келушілердің барлығы бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтық сақтауы тиіс. Ойын-сауық орталығы күніне 25 мың адамды қабылдай алады. Францияда бүгіннен бастап коронавирусқа қарсы енгізілген бірқатар шектеулер алынып, мейрамхана мен дәмханалардың жаздық тамақтану орындары ашылған. Билік бір айдан кейін Эйфель мұнарасын да ашуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ...