Израиль Газа секторына әуеден соққы жасады

Израильдің қорғаныс күштері Газа Секторындағы Хамас қозғалысының нысандарын зымыранмен атты.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұған дейін Газа аумағынан 3 күн қатарымен Израильге әуе шабуылы жасалған. Аймақта қауіп-қатердің дабылы қағылып, жергілікті қарулы күштер ұрысты бастап кету дайындығына көшкен. Әзірге адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ.

Естеріңізге салайық, қос тарап арасындағы қарулы-қақтығыс өткен айдың онында ушықты. Ал мамырдың 21 күні Израиль мен Газа секторы арасында атыс-шабысты тоқтату режимі жарияланды. Сол кезден бері бұл уағдаластық 1 аптаның ішінде екі рет бұзылды. Он күнге созылған қырғында екі жаққа мыңдаған зымыран атылды. Салдарынан 12 Израиль тұрғыны мен 253 палестиналық азамат қаза тапты.