Гондураста түрмедегі атыстан 5 адам ажал құшты

Гондурастың Моро-сели қаласындағы түрмеде бүлк шығып, 5 адам көз жұмды.

Әзірге олардың кім екені жарияланбай отыр. Белгілісі, 15 жазасын өтеуші мен 1 күзетші жарақат алған. Қауіпсіздік жоғары деңгейде қамтамасыз етіледі деген түзеу мекемесінде атыс болған. Бұл түрмеде 19 қылмыстық топтың мүшелері отырған көрінеді. Ақпараттың дер кезінде және толық берілмеуі сотталғандардың туған-туыстарының алаңдаушылығын тудырып отыр.

Мария, сотталған адамның анасы:

– Бұл түрмеде ұлым отыр. Ол туралы ешқандай хабар ала алмай отырмыз. Өлі-тірісін білмейміз. Қатты уайымдап тұрмын.