АҚШ әскері «Әл-Каидадан» қауіптенеді

Ауғанстандағы «Әл-Каида» АҚШ әскері кеткеннен кейін 2 жылдың ішінде қайта жандануы мүмкін.

Лаңкестік ұйым әбден күшейген соң құрама штаттарға және басқа одақтас елдерге шабуыл жасамақ. Бұл туралы Вашингтонда Пентагон басшысы Лойд Остин мәлімдеді. Биыл 11 қыркүйекте президент Джо Байденнің тікелей жарлығы бойынша Америка әскері Ауған жерінен толық шығарылады. Оның бұл шешімі қазірден АҚШ әскерилерінің алаңдаушылығын тудырып отыр. Олар елде азаматтық қарулы соғыс басталуы мүмкін деп қауіптенеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы қазір Ауғанстанда «Әл-Каиданың» 500-ден көп жендеті бар және олар «Талибанмен» бірігіп жатыр деп есептейді.

Марк Милли, штаб басшыларының бірлескен комитетінің төрағасы:

– 2 жыл шамасында шабуыл жасалады дегенмен келісемін. Осы аралықта Ауғанстан үкіметі құрдымға кетеді немесе Ауған қарулы күштері ыдырайды деген қауіп зор.

 

 

Сондай-ақ...