COVID-19: Ресей халқы биліктің шешіміне қарсы

Мәскеу тұрғындарының басым бөлігі биліктің міндетті түрде вакцина егу шешіміне қарсылығын білдіруде.

Көбі ресейлік вакцинаға сенімсіздікпен қарайды.

Естеріңізге салайық, жуырда Мәскеу мэрі Сергей Собянин қызмет көрсету саласындағы мамандардың барлығы міндетті түрде коронавирусқа қарсы екпе қабылдау керек деген шешім қабылдады. Осылайша билік халықтың 60 процентін имунизацияламақ. Талапқа бағынбағандар жұмыстан шығарылады делінген. Мәселен вакцина алмаған қызметкер үшін айыппұлды жұмыс беруші төлеуі міндетті болмақ.

Жергілікті тұрғын:

Халыққа екпе қабылдауды міндеттеген дұрыс емес деп ойлаймын.  Бұл шара ерікті тұрде болу керек. Өз денсаулығымыз үшін өзіміз жауаптымыз.

Мәскеудегі қабылданған ереже енді. Подмосковьеде де мақұлданбақ. Сондай-ақ студенттердің де міндетті түрде вакцина қабылдауы қарастырылып жатыр. Яғни білім ордаларына күнізгі бөлімдегі студенттер ғана кіре алатын болмақ. Қалғандары қашықтан оқиды. Ал, медицина қызметкерлері мен тәртіп сақшылары вакцинаны растайтын жалған төлқұжаттардың саудасы белең алуы мүмкін деп дабыл қағады. Жыл басынан бері қылмыстың бұл түрінің 130 фактісі тіркелген екен.

Сергей Собянин, Мәскеу мэрі:

– Бірнеше күннің ішінде коронавирус дертіне шалдыққандардың саны күрт өсіп кетті. Бұған ПТР тестінің нәтижелері дәлел. Науқастардың саны 3 мыңнан 7 мыңға дейін артып кеткен. Бұндай көрсеткіш бұрын соңды тіркелмеген.

 

 

Сондай-ақ...