Пандемия басталғалы 4 млн адам коронавирустан көз жұмды

Пандемия басталғалы 4 млн адам коронавирустан көз жұмды

Әлемде коронавирус індетінен көз жұмғандардың саны 4 млн-ға жетті.

2 млн науқас пандемияның алғашқы жылында қайтыс болса, қалған 2 млн адам 166 күннің ішінде жан тапсырды. Марқұмдардың басым бөлігі Бразилия, Үндістан, Ресей мен Мексика тұрғындары. Ал індет жұқтырғандардың қатары АҚШ пен Ұлыбританияда керісінше азайды.