425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мексикалық қасқырлардың тұқымы құрып бара жатыр

  • 102
  • UPD: 14:10, 18.06.2021
Мексикалық қасқырлардың тұқымы құрып бара жатыр

Мехикодағы хайуанаттар бағының бірінде мексикалық қасқырдың 5 бөлтірігі дүниеге келді.

Әдетте олар соқыр әрі саңырау болып туады, сондықтан кішкентай жыртқыштар біраз уақыт арнайы апанда жатады. Мексикалық қасқырлар 1960 жылдардан бастап азая бастаған. Соңғы 30 жыл бойы ғалымдар оларды хайуанаттар бағында ұстап, тұқымын көбейтуге тырысып жатыр. Содан бері жабайы табиғатқа 30 қасқыр жіберілген.

Альберто Оласкоага, хайуанаттар бағының өкілі:

– Біз АҚШ пен Мексиканың мексикалық Қасқырдың тұқымын сақтау жөніндегі бірлескен комитетін қараймыз. Бөлтіріктің тууы – біз үшін айтулы оқиға.

Хабар 24 телеарнасы