Нигерияда қарулы адамдар мектепке шабуыл жасап, 80 адамды ұрлап кеткен

Нигерияның Кебби штатындағы Бирнин-Яури қаласында қарулы адамдар мектепке шабуыл жасап, білім беру мекемесін күзетіп тұрған полиция қызметкерін атып өлтірді және кем дегенде 80 оқушы мен мұғалімді ұрлап әкетті, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Сондай-ақ олар бір оқушыны жаралаған. Ал ұрланғандардың көршілігі – қыз балалар. Оқушылар ақша бопсалау мақсатында ұрлануы мүмкін.