Канар аралдарының жағалауында мигранттар мінген қайық аударылды

Канар аралдарының жағалауында мигранттар мінген қайық аударылып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде елудей адам болған. Апаттан екі адам қаза тауып, тағы алтауы із-түзсіз жоғалып кеткені белгілі. Құтқарушылар оларды іздестіріп жүр. Мигранттар арасында балалар мен аяғы ауыр әйелдер бар. Олардың қал-жағдайын жедел жәрдем қызметкерлері бақылап отыр.

Айта кетейік, биыл Канар аралдарына жетпек болған босқындар саны 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе өсті. Испания ішкі істер министрлігінің ақпаратынша, жарты жыл ішінде 6 мыңнан астам адам шекараны заңсыз өткен.