Антониу Гутерриш БҰҰ Бас хатшысы қызметіне қайта сайланды

БҰҰ Бас Ассамблеясы Антониу Гутерришті осы ұйымның бас хатшысы лауазымына екінші мерзімге қайта сайлады.

Гутерриш енді халықаралық құрылымды 2026 жылдың 31 желтқсанына дейін басқарады.

Айта кетейік, Антониу Гутерриш 1949 жылы Португалияның Лиссабон қаласында дүниеге келген. 1974 жылы осы елде «қалампырлар төңкерісі» деп аталған әскери төңкеріске қатысқан. 1995 жылы Португалия үкіметінің басшысы болады. Ал БҰҰ саласында еңбегін 2005 жылы Ұйымның босқындар мәселесі жөніндегі жоғарғы комиссар ретінде бастайды. 2017 жылдың 1 қаңтарында БҰҰ Бас хатшысы болып сайланды.