Нидерландта індетке қарсы шектеулер алынады

Нидерландта келесі аптаның соңынан коронавирусқа қарсы енгізілген барлық шектеулер алып тасталады.

Бұл туралы осы елдің Премьер-министрі Марк Рютте мәлімдедеі. Оған елде індеттің таралуының бәсеңдеп, науқастар санының азаюы себеп. Жаңа тәртіпке сай тұрғындардың жабық ғимараттарда әлеуметтік қашықтық сақтауға мүмкіндік болса бетперде кимеуіне болады. Бірақ әуежай мен қоғамдық көліктерде тәртіп сақталады. Осымен бірге адамдардың жиналуына шекету алынады.

Марк Рютте, Нидерланд Премьер-министрі:

– Бір жарым метрлік арақашықтықты сақтау мүмкін емес жерлерде бетперде тағып жүру тәртібі сақталады. Бұл, ең алдымен, метро, пойыз, автобус сынды қоғамдық көліктер мен станцияларға қатысты.

ПОРТУГАЛИЯДА ҚАЛАҒА КІРІП-ШЫҒУҒА ҮШ КҮНДІК ШЕКТЕУ ЕНГІЗІЛДІ

Ал Португалия астанасында керісінше дүйсенбі күнге дейін қалаға кіріп-шығуға шектеу енгізілді. Оған шаһарда індеттің өршуі себеп. Осыған байланысты қала тұрғындарына шаһарды белгілі себептерсіз тастап шығуына, ал өзге аймақтардан азаматтардың кіруіне шектеу енгізілген. Тәртіпті қадағалау үшін полиция бекеттері қойылды.