Австралиялық коалаларға құрып кету қаупі төніп тұр

Австралияның шығыс жағалауын мекендейтін коалаларға қауіп төніп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі хабарлады. Орманды отау мен табиғат апаттары салдарынан бұл хайуандардың саны едәуір азайған. Кейінгі екі жылдың өзінде Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында болған орман өрттерінде коаланың 30% -і қырылған. Осылай жалғаса берсе, осы ғасырдың ортасында коала мүлде құрып кетуі мүмкін дейді ғалымдар.