424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германия мен Франция Одақты босаңсымауға шақырды

  • 127
Германия мен Франция Одақты босаңсымауға шақырды

Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Эммануэль Макрон Еуроодақ елдерін сыртқы шекараны ашу мәселесінде бірлесіп әрекет етуге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәлімдеме коронавиурстың жаңа штамының таралуына байланысты. Макрон «Еуроодақ Ұлыбританиядағы үндістандық штамға қатысты жағдайды жіті бақылап отырғанын жеткізді. Ал Германия канцлері пандемия аяқталмағандықтан қырағылық керек»,– деді.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

– Еуроодақтағы кей елдер туристік саланың сұрауымен шекараларын тез ашып жіберді. Бірақ біз жаңа штамнан індет  қайта өршімес үшін абай болуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы