Жаңа Зеландияда алапат құйын соғып, 1 адам опат болды

Жаңа Зеландияның Окленд қаласындағы шеткі аудандарда үйлердің шатыры ұшқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құйын ағаштарды тамырымен қоса қопарып, электр бағаналарын құлатты. Сонымен қоса бірнеше жүк контейнерін аударып тастаған. Жергілікті билік тұрғындарды әлі де абай болуға шақырды.