Ресейде коронавирус қайта өршіді

Елде вирус екінші күн қатарынан 17 мыңнан аса адамнан анықталып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты Мәскеуде шектеулер қатаңдатылып жатыр. Осы айдың соңына дейін 1 мың адам қатысатын іс-шараларды өткізуге шектеу енгізіліп,  би және ойын орындары жабылады. Бірақ үкімет коронавирустың күшейгеніне қарамастан әлемнің 9 елімен әуе байланысын қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. Мысалы Түркияға ұшақтар маусымның 22-сінен, ал АҚШ, Бельгия, Болгария сынды елдерге маусымның 28-інен бастап ұша бастайды. Бірақ саяхатқа негізінен екпе салдырған азаматтар жіберіледі.

Сондай-ақ...