Францияда Fake news көрмесі ашылды

Парижде жалған ақпарларға арналған көрме ашылды. Мұнда эпидемия туралы ең көп таралған 5 қияли дақпырт алынып, олар әлемнің қай елінде шығып, қалай жылдам таралғаны көрсетілген.Оны қалай жасады, жұртқа қалай таратты? Көрме, міне, осыны көрсетеді. Таяу Шығыстағы фейк жаңалықтараға да көп көңіл бөлінген. Әуе шабуылдарынан қираған үйлер туралы бейнежазбалар қалай жасалатыны және олар сенімді дерекккөзден алынбаса, күмәнмен қарау керектігі түсіндіріледі.

Натали Базош «EDF» қорының мәдени дамыту істері жөніндегі меңгерушісі:

– Көрмеге ғаламторда осындай жалған ақпарларды көріп, естіп өскен жастар көп қызығушылық танытады. Жас буын өкілдері фейк жаңалықтардың қалай туып, қалай тарайтынын жақсы біледі деуімізге де болады.