Оңтүстік Суданда климаттың өзгеруінен сегіз млн адамға ашаршылық қаупі төнген

Оңтүстік Суданда климаттың өзгеруінен азық-түлік тапшылығы туындап, 8 миллион адамға ашаршылық қауіпі төнген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, соңғы жылдары жауын-шашын көбейіп, елдің солтүстігіндегі мекендердің көбін су басқан. Тұрғындар үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Қазір билік халықаралық ұйымдармен бірлесіп тасқыннан бүлінген су бөгеттерін жөндеуге күш салып жатыр. Бірақ мамандардың айтуынша, жарамсыз болып қалған алқаптарды қалпына келтіру үшін 4 миллион доллар керек.

Джамал Морока, жергілікті тұрғын:

- Қазір мұнда тек балық аулауға болады. Жергілікті тұрғындардың көбі су тасқынынан сескеніп, басқа аудандарға көшіп кетті. Ал судың қайтар түрі жоқ.