Мәскеудегі отшашулар қоймасындағы өрт сөндірілді

Мәскеудегі отшашулар қоймасындағы өрт тоқтың тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала тергеу осыны көрсетіп отыр. Салдарынан ғимарат ішіндегі 15 мың тонна пиротехника үш сағатта жанып кетті. Тілсіз жаумен 135 адам күресіп, 30 техника жұмылдырылды. Үш тікұшақ пен катер пайдаланылды. Өртті сөндіру кезінде қойманың бір қызметкері мен үш өрт сөндіруші жапа шекті. Жалын 500 шаршы метрді шарпыды. Куәгерлердің айтуынша, 20 минут бойы отшашулар атылып, кейін қатты жарылыс болған.

Блиц 1:

- Өзен жағасымен серуендеп жүр едік, бір кезде өрт шыққанын көрдік. Өрт сөндірушілер көбейіп, тікұшақтар келді. Бір кезде отшашулар жарыла бастады.

Блиц 2:

- Бастапқыда не болып жатқанын түсінбей қалдық. Себебі әдетте салютты кешкі уақытта атушы еді ғой деп ойладық. Содан кейін үлкен будақтаған түтінді көрдік.

Сондай-ақ...