АҚШ-тың бірқатар штатында «Клодетт» дауылы соғып, мекендерді су басып жатыр

АҚШ-тың бірқатар штатында «Клодетт» дауылы соғып, ондаған үй қирап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Флоридада соққан дүлей желден Брутон мен Шығыс Брутон қалалары көп зардап шекті. Сағатына 140 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған жел үйлердің шатырын ұшырып, талдар мен электр бағаналарын құлатты. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Осыдан кейін дауыл Луизиананың Жаңа Орлеан қаласында ойран салып, кейін Алабама штатына қарай ойысып, екпіні төмендеді. Бірақ қатты желден кейін жауын жауып, елді мекендерді су басып жатыр.

Жергілікті тұрғын:

- Кешеден бері жауын жауып, үйімізді су басып жатыр. Екі жыл бұрын осындай нөсерден қатты су тасығаны есімде. Бірақ жағдай әлі де нашарлайтын түрі бар. Өйткені жауын-шашын тоқтамай тұр.

Сондай-ақ...