Мәскеуде науқастардың 90%-і үнді штамын жұқтырған

Мәскеу қаласында коронавирусты жұқтырғандардың 90%-інен үнді штамы анықталды.

Бұл туралы қала мэрі мәлімдеді. Жергілікті билік шаһарда қайтадан пандемия басталып жатыр деп отыр. Індеттің таралуының күшеюіне байланысты Ресейдің 7 аймағында халық арасында дерттті жұқтыру қаупі жоғары азаматтарды міндетті түрде егу туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша коронавирустың Дельта штамы алғаш рет Үндістанда тіркеліп, қазір 80 елге тараған. Мамандар вирустың мутацияға ұшыраған бұл түрі тез жұғатынын әрі одан өлім көрсеткішінің жоғары екенін айтады.

Гузель Улумбекова, Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару жоғарғы мектебінің басшысы:

- Короанвирус штамының тоқтаусыз таралуы кей елде халықты вакциналаудың баяу жүргізілуінен. Үндістанда да оның пайда болуының бір себебі осы. Бұл штамм адамға тез жұғады. Және оны жұқтырғандардың арасында өлім-жітім де жоғары.