Француз кәсіподақтары жұмыс орындарын қысқартуға наразы

Француз кәсіподақтары жұмыс орындарын қысқартуға наразы

Француз кәсіподақтары үкіметтен жұмыс орындарын қысқартуға тыйым салуды талап етіп, шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індет басталғалы компаниялар мыңнан аса қысқарту жүргізген.

Мәселе сауда, мейрамхана және қонақ үй бизнесі салаларында 112 мың адамды қысқартуға байланысты болып отыр. Былтыр үкімет кәсіпорындар мен жұмыс орындарын сақтап қалу үшін қазынадан 20 миллиард еуро бөлген. Бірақ нәтиже көңіл көншітер емес. Шараны ұйымдаструшылар үкіметтің әлеуметтік реформасына да наразы. Себебі оның салдарынан жұмысссыздық бойынша өтемақы алушылардың саны қысқарып, жәрдемақы 20 процентке азайған.

Лазарь Разкалла, TUI компаниясы кәсіподағы комитетінің хатшысы:

- Қазір фрнацуз компанияларында жұмысшыларды қысқарту бойынша мыңға жуық жоспар бар. Бірақ бірлестіктердің бәрі мемлекет тарапынан қаржылай көмек алған. Мысалы біздің компания үкіметтен 5,5 миллиард еуро көмек қаржы алса да, қызметкерлерді қысқартпақшы. Сондықтан біз мұндай тәжірибемен күресетін боламыз.