424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау басталды

  • 119
  • UPD: 17:34, 20.06.2021
Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау басталды

Саяси додаға 24 партия мен 1 саяси одақ қатысып жатыр.

Сауалнамаға қарағанда бұрынғы үкімет басшысы Никол Пашинян басқаратын «Азаматтық келісім» мен елдің бұрынғы президенті Роберт Кочарян жетекшілік ететін «Армения» блогының мүмкіндігі мол. Жалпы жергілікті заңға сай саяси партия парламентке өту үшін сайлаушылардың 5 процент дауысын, ал саяси блок 7 проценттік межені еңсеруі тиіс. Елде 2 жарым миллионнан астам адамның дауыс беру құқығы бар.

Хабар 24 телеарнасы