«АстраЗенека» компаниясы Еуроодаққа 50 млн доза вакцина жеткізеді

«АстраЗенека» компаниясы Еуроодаққа 50 миллион доза вакцина жеткізеді. Бұл соттың шешімі.

Өйткені компания бұған дейін екпені уақытылы жеткізбеген. Сот фармацевтикалық алпауыт келісім-шартты өрескел бұзды деген ұйғарымға келді. Енді бірлестік Еуроодаққа алғашқы 15 миллион дозаны шілденің 26-сында, содан кейін тамыздың 23-і күні 20 миллион доза, ал 27 қыркүйекте 15 миллион доза жеткізуі тиіс. Талап орындалмаса 500 миллион еуро айыппұл төлейді. Бірақ «АстраЗенеканың» өзі бұл шешімге қуанышты. Өйткені сот бекіткен екпе көлемі Еурокомиссияның бастапқыда талап еткенінен әлдеқайда аз.

Сондай-ақ...