Бельгияда құрылыс жүріп жатқан ғимарат қирап, бес адам мерт болды

Бельгияның Антверпен қаласында құрылыс жүріп жатқан ғимарат қирап 5 адам мерт болды.

Оқиғадан тағы тоғызы түрлі жарақат алған. Құтқару-іздестіру жұмыстарына мамандар мен арнайы дайындалған иттер жұмылдырылды. Ақпарат көздері зардап шеккендер мен қайтыс болғандардың барлығы сол жерде жұмыс істеп жатқан құрылысшылар екенін хабарлайды. Олардың арасында Португалия, Румыния мен Украина тұрғындары бар. Қазір жарақат алған 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Ал оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды. Сапасыз салынған ғимарат мектеп болуы керек еді.