Грекия билігі миграциялық саясатты қатаңдатуды шешті

Грекия миграциялық саясатты қатаңдатып, босқындар лагерьлерін биік қорғандармен қоршауды қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Және елге келімсектердің ағылуының алдын алу үшін шекараны бақылауды күшейтті. Билік лагерьлерді қоршау босқындардың қауіпсіздігі үшін қажет десе, шекараны күшейту келімсектердің Еуроодаққа ағылуына тосқауыл қояды дейді. Алайда құқық қорғаушылар мұндай саясат соғыс пен ашаршылықтан жапа шеккен босқындарға одан әрі ауыр тиетінін айтып, наразылық танытуда. Адам құқықтары жөніндегі Еуропа кеңесі Афинаны өз шешімін қайта қарауға шақырды. Бірақ грек билігі қатаң саясат өз жемісін беріп, мигранттар қарасы азайғанын алға тартып отыр.

Нотис Митаракис, Грекияның миграция мәселелері жөніндегі министрі:

– Біздің саясатымыз қатаң болғанымен әділ. Босқындар лагерьлеріндегі тәртіп ең алдымен ондағы өмір сүретін адамдардың, қызметкерлер мен жергілікті халықтың қауіпсіздігі үшін қажет.