Үндістанда коронавирустың жаңа штамы тіркелді

Үндістанның Махараштра штатында коронавирустың «дельта плюс» деген жаңа штамы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індеттің бұл түріне 20 адам шалдыққан екен. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша жаңа штамм әзірге зерттеліп жатыр. Оның адам ағзасына қаншалықты қауіпті екені белгісіз. Алайда сарапшылардың айтуынша мутация вирустың  сипатын өзгертуі мүмкін. Сондықтан науқастарды бірнеше апта бойы бақылауда ұстау керек дейді мамандар.