Арменияда өткен кезектен тыс парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша бұрынғы үкімет басшысы Никол Пашинян басқаратын «Азаматтық келісім» партиясы көш бастап тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Санақ бойынша сайлаушылардың жартысынан көбі өз дауысын осы партияға берген. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Ал елдің бұрынғы президенті Роберт Кочарян жетекшілік ететін «Армения» блогын сайлаушылардың 20 проценті қолдаған. Әзірге 2 мың учаскінің 114-інің бюллетендері ғана саналды. Айта кетейік, азаматтардың саяси додаға қатысуы 50 процентті құрады. Сайлауға 21 партия мен 4 блок қатысты.