Әлемдегі таңғажайып 5 үй

Адамдардың қиялының ұшқырлығын дәлелдейтін және тұрғын үй мәселесін қалай шешуге болатындығына 5 мысал.

Жұмыртқа-үй, Бейжің, Қытай

2010 жылы сәулетші Дай Хайфэй күн энергиясын тұтынатын үй салады. Оның салынуына 964 доллар ғана жұмсаған.

Дәретхана-үй, Сувон, Оңтүстік Корея

Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында орналасқан үйдің құрылымы қарапайым дәретханаға ұқсас. Ғимарат Дүниежүзілік дәретхана ұйымының құрметіне салынған, ұйым планетаның тазалық мәселелерімен айналысады. 

Төңкерілген үй, Трассенхайде, Германия

Германияның Трассенхайде қаласында орналасқан Узедом аралындағы үйді поляк дизайнерлері Клаудиуш Голос пен Себастьян Микичук өз қаражаттарына салған. 

Болат үй, Рэнсом каньоны, Техас, АҚШ

Техас шөлінде Роберт Бруно салған үй болаттан жасалған. Басында ол бір қабатты қылып салуды жоспарлайды, кейін тоқтай алмай, үш қабатты үйге айналдырады. Үй алыстан ғарыш кемесіне ұқсайды.

Әйнекті үй, Токио, Жапония

Жапондықтар минимализмге деген сүйіспеншілігімен танымал. Токиода ішінде не болып жатқаны анық көрінетін әйнекті үй бар.

Дайындаған: Баян Әжмұхан