424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токио Олимпиадасы: қатысушылар арасында алғашқы Covid-19 жағдайы анықталды

  • 161
  • UPD: 15:18, 21.06.2021
Токио Олимпиадасы: қатысушылар арасында алғашқы Covid-19 жағдайы анықталды russian

Токио-2020 Олимпиадасына қатысушылардың бірінде жаңа коронавирус жағдайы анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24» Reuters-ке сілтеме жасап.

Бокстан Уганданың құрама командасындағы тоғыз спортшы мен жаттықтырушы Токио маңындағы Нарита әуежайына кешкі сағат алты шамасында ұшып келді, әуежайдағы спортшылардың бірінде Covid-19-ға сынама тапсыру кезінде оң нәтиже көрсеткен.

Угандалық спортшы екі рет сынама тапсырған. Екеуінде де оң нәтиже берген соң, ол арнайы тағайындалған мекемеде оқшауға алынды, ал қалғандары өздерінің жаттығуын өткізетін Осака қаласына барады.

Хабарламада айтылғандай, Уганда командасының барлық мүшелері екі рет AstraZeneca вакцинасын алған және Жапонияға кетерден 72 сағат бұрын сынақтан өткен.

Айта кетейік, Токио-2020 жазғы ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам шоғырланатындықтан, аталмыш жарыс кейінге қалдырылған болатын. 

Ұйымдастырушылар отандық көрермендерді ойындарға арналған стадиондарға кіргізуге байланысты арнайы шешімдер қабылдады, шетелдік көрермендер төртжылдықтың бас додасына кіргізілмейді.

Токио-2020 президенті Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік сарапшылар жеке аудиторияға қарсы ескерту жасағанына қарамастан, стадионға 10 000 адамнан келетін шекті көлемді қарастырған.

Ашылу салтанатына шенеуніктер 20000 адамға қатысуға рұқсат беруді қарастыруда, деп хабарлады жапондық Nippon Television телекомпаниясы жексенбіде.

Алғаш болып 1 маусымда Жапония астанасына софтболдан Австралияның әйелдер құрамасы келген, ал Уганда командасы турнирге келген шетелдік спортшылардың екінші тобы болды.

Дайындаған: Ф.Саржанова

Хабар 24 телеарнасы