424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арменияның парламенттік сайлауында Никол Пашинянның партиясы жеңіске жетті

  • 107
  • UPD: 14:02, 21.06.2021
Арменияның парламенттік сайлауында Никол Пашинянның партиясы жеңіске жетті

Арменияда өткен кезектен тыс парламенттік сайлауда Никол Пашинян басқаратын «Азаматтық келісім» партиясы жеңіске жетті.

Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Бюллетендерді санау қорытындысы бойынша, 2008 сайлау учаскесінде «Азаматтық келісім» партиясы сайлаушылардың 54 процент дауысын жинаған. Ал елдің бұрынғы президенті, Роберт Кочарян жетекшілік ететін «Армения» блогын тұрғындардың 20 проценті қолдады.

Айта кетейік, азаматтардың саяси додаға қатысуы 50 процентті құрады. Сайлауға 21 партия мен 4 блок қатысты.

КОЧАРЯННЫҢ БЛОГЫ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН МОЙЫНДАМАЙДЫ

«Армения» блогының жетекшісі саяси дода қорытындысын мойындамай отыр. Айтуынша сайлау кезінде бірқатар заң бұзушылық болған. Елдің бас прокуратурасы 300-ден астам өтініш түскенін хабарлайды. Кочарянның жақтастары барлық сұрақтарға жауап алмайынша сайлау нәтижесін мойындамайтынын айтып отыр.

Хабар 24 телеарнасы