АҚШ әскерилері мұхитта бомба жарып, жер сілкінісін тудырды

АҚШ әскери күштері Атлант мұхитында салмағы 18 тоннадан асатын бомбаны жарып жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24» Lenta.ru сілтеме жасап.

Олар бұл арқылы жарылыстың жақын маңдағы кемелерге әсерін тексермек болған.

Сынақ Флорида жағалауынан 160 шақырым жерде өтті. Жарылыс кезінде АҚШ-тың геологиялық қызметі 3,9 балдық жер сілкінісін тіркеді. Одан ешкім зардап шеккен жоқ.