Әлемді қымбатшылық қыспаққа алды

Қымбатшылық біздің ел ғана емес, әлемді қыспаққа алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Америкалықтардың жеңсік асы – тауық еті де қымбаттады. Ресейде көкөніс пен құрылыс материалдарының құны шарықтап тұр. Сарапшылар мұның бәрі пандемияға байланысты дейді. Аралдағы ел – Куба халқы да азық-түліктің қымбаттағанына наразы. Бұған ұлттық валютаның девальвациясы себеп болғанға ұқсайды.

Ал, Еуропада газ қымбат. «Бұл кейінгі 3 жылда болмаған максималды көрсеткіш», - дейді сарапшылар.

Еуропада газ қымбаттады. Бірақ оған пандемия да, инфляция да себеп емес. Мұндағы баға күн райына байланысты көтерілген.

***

АҚШ-та тауық еті екі есе қымбаттады

Бұған пандемия себеп. Өйткені коронавирусқа байланысты еңбек мигранттарының біразы Отанына оралып, артынан олардың кері қайтуы қиындаған. Салдарынан тауық фермаларында жұмыс күші жетіспей қалды. Жалпы шетелдік жұмысшылардың аздығы АҚШ-тың басқа секторларында да байқалып отыр. Мәселен, мейрамхана иелерінің үштен екісі осы проблемаға тап болғанын айтады. Ал жұмыссыздық бойынша өтемақы алатын америкалықтардың аз ақша төленетін мұндай еңбек түрімен айналысқысы жоқ.

Марк Хэмрик, экономикалық сарапшы:

- Жұмыс күшінің тапшығылы осы жыл соңына дейін шешілуге тиіс деп болжап отырмыз. Пандемияға байланысты бізде тек қызметкерлер ғана жетіспей жатқан жоқ. Кейбір өнімдердің де тапшылығы туындады. Өйткені олардың жеткізілуі қиындаған.

Қымбатшылық біздің ел ғана емес, әлемді қыспаққа алды. Америкалықтардың жеңсік асы - тауық еті де қымбаттады. Ресейде көкөніс пен құрылыс материалдарының құны шарықтап тұр. Сарапшылар мұның бәрі пандемияға байланысты дейді. Аралдағы ел – Куба халқы да азық-түліктің қымбаттағанына наразы. Бұған ұлттық валютаның девальвациясы себеп болғанға ұқсайды.

***

Ресейде көкөніс қымбаттады

Ресейде деазық-түлік бағасы шарықтап тұр. Көрші елде сәбіз, картоп пен орамжапырақ күрт қымбаттаған. Оған сырттан әкелінетін көкөніске деген сұраныстың артуы себеп. Сондықтан сарапшылар бағалар жергілікті өнім пайда болғанға дейін әлі де көтеріле беретінін айтады. Ал картоп шілденің ортасына таман, ал сәбіз тіпті тамыздың басында ғана піседі.

Сергей Тепляков, аспаз:

- Кейінгі кезде көкөніс пен ет бағасының қымбаттауына байланысты көбінің сүйікті асы борщтың құнын көтеруге мәжбүр болдық. Бұрын еттің жұмсағын қоссақ, қазір сорпасын қайнатуға сүйектерді көбірек қолданамыз.

Азық-түліктен бөлек көрші елде құрылыс материалдары да қымбаттаған. Соңғы жарты жылда олардың құны 1,5-3 есеге көтеріліпті. Сарапшылардың түсіндіруінше, қазір әсіресе, ағаш пен металға сұраныс жоғары. Өйткені шектеулерге байланысты жұрт жөнді саяхаттай алмаған соң үй салып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлетін болған.

***

Кубада девальвация бағаға әсер етті

Ал Кубада ұлттық валюта песоның девальвациясына байланысты азық-түлік өнімдері қымбаттаған. Мәселен бұрын 50 песо тұратын сұйық майдың бір құтысы қазір 200 песоға сатылып жатыр. Билік соңғы жағдайларға байланысты тұрғындардың жалақысы мен зейнетақыны көтерген. Алайда жұрт «мұның пайдасы шамалы» дейді.

Блиц 1:

- Иә, расымен жалақымыз көтерілді. Алайда сонымен қоса азық-түлік бағасы да қымбаттап бара жатыр. 

Блиц 2:

- Тамақпен бірге басқа заттардың бағасы қымбаттады. Мәселен жарықдиодты шамдар бұрын 30 песо тұратын. Қазір қара нарықта құны 500 песоға дейін жетеді. Ал дүкендерде оларды тіпті таппайсыз. Сондықтан үйдегі екі бөлмемде жарық жоқ.

***

Еуропада газ қымбаттады

Ал, Еуропада газ қымбаттады. Оған аптап себеп. Күннің ыстығына байланысты Кәрі құрлық тұрғындары кондиционерлерді көп қолданып жатыр. Тиісінше, электр станциялары тұтынатын газ көлемін арттырған. Сөйтіп, қазір оның мың текше метрге шаққандағы бағасы 363 долларға жеткен. Бұл 2018 жылдың наурызынан бергі ең үлкен көрсеткіш болып отыр.

***

Италияда мейрамханалардағытамақ бағасы қымбаттады

Осы Еуропадағы Италияда демалыс маусымы алдында жанармай мен пойыз билеттері көтеріліп кетіпті. Аппенин түбегінде сондай-ақ тамақтану орындарында да бағалардың қымбаттауы байқалып отыр. Өйткені эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты шектеу шаралары жеңілдетіліп, дәмханалар мен мейрамханаларға баратын жұрт көбейген. Соңғы дерек бойынша коронавирус жұқтыру деректерінің азаюына байланысты Италияда 9 айға жалғасқан коменданттық сағат алынып тасталды.