424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде коронавирус мектептерге тарап кетті

  • 127
  • UPD: 09:45, 22.06.2021
Израильде коронавирус мектептерге тарап кетті

Израиль коронавирустан вакциналау бойынша әлемде алда келеді. Алайда шекараның ашылуы эпидемиологиялық ахуалға кері әсер етіп, бірнеше қалада ковид дертінің өршуі тіркелді. Билік індеттің әрі қарай таралуына жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдады. 

Израильде бір тәулікте коронавирусты жұқтырған жүзден аса адам анықталды. Олардың көбі балалар. Бірнеше қалада бір уақытта ондаған оқушы ауырып қалды. Модиин қаласындағы мектепте вирус бір баладан тараған. Оның әкесі шетелден келіп, карантин тәртібін бұзған екен. Беньямин мен Нетания қалаларында да ондаған бала карантинге алынды. Мұның бәрінің себебі бір сырттан келген вирустың жаңа штамдары. Әуежай әзірге ашық, десе де Үкімет осы жағдайға байланысты карантин шектеулерін күшейтуі мүмкін.

Нафтали Беннет, Израиль Премьер-министрі:

- Осыған қатысты министрлермен және Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілдерімен үнді штамм мен ел шекараларынан өту тәртібін талқылаймыз. Ұлттық стратегия тек вакциналауға негізделмеуі тиіс. Өйткені вакцина әсер етпейтін жаңа штамм пайда болса, бәрі құр кетеді. Вакцинамыз бар, бірақ әр пандемия немесе штамға қарсы вакцина тиімді болмайды деген болжамға сүйенуіміз керек.

Елде балаларды вакциналау қарқынды өтіп жатыр. 12 жастан асқан ондаған мың жасөсіпрімге екпе жасалды. Ересектерді де вакциналау жалғасып келеді. Қазір екпе салып үлгірмеген немесе коронавируспен ауырып шыққан адамдарды вакциналап жатыр. Рина осыдан жарты жыл бұрын коронавируспен ауырып шыққан. Енді оған Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауына сәйкес, екпе жасайтын кез келді.  

Рина, Тель-Авив қаласының тұрғыны:

- Шетелге барғым келеді, ал екпе салдырмай жібермейді. Басты себеп осы. Сондай-ақ қайта ауырғым келмейді.

Коронавирус өршіген қалалардағы халық жаппай тексеріліп, тестілеуден өткізіліп жатыр. Билік осылайша індеттің таралуына тосқауыл қоймақ. Әйтпегенде елде қайта локдаун енгізуге тура келеді.

Автор: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы